Адалдыққа ешнәрсе жетпейді – Асылы Осман

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман Алматы қаласындағы №64 сайлау учаскесіне барып, ел тағдырына ықпал етер маңызды шешімді қабылдауға атсалысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тіл жанашыры әрбір саяси науқандағыдай бұл жолы да алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

«Әділетті және шыншыл болайық. Адалдыққа ешнәрсе жетпейді. Сондықтан бүгінгі науқанға баршамыз үн қоссақ деймін. Ертең депутаттар да біздің сенімімізді ақтасын. Елін, жерін, халқын шынайы сүйетін жандар көп болсын деп тілеймін», - деді Асылы Осман.

Айта кетейік, бүгін елімізде Парламент Мәжілісінің және жергілікті мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау өтіп жатыр.
Мегаполисте сайлау учаскелері таңғы 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Алматыда 602 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар