«Адалдық сағатына» Ақмола облысынан 556 мектеп қатысты
2020 жылғы 18 мамыр 22:33

«Адалдық сағатына» Ақмола облысынан 556 мектеп қатысты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында Абайдың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін өткізілген шара биыл онлайн форматында өткізіліп отыр.

«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» - қазақ ақыны мен ағартушысының шығармашылығына арналған тақырыптағы республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Ақмола өңірінде акцияға 556 мектеп, 4 ЖОО және 34 колледж қатысты», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Нұртас.

Айта кетейік, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауды, оның ішінде «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде дәріс өткізу жолымен тұрақты негізде жүзеге асырады.


Jańalyqtar

MURAǴAT