+7 (701) 759 90 19
USD 412.10 EUR 454.34
RUB 5.82 CNY 57.62
Jańalyqtar

Адалдық алаңы: Шығыс Қазақстан университетінде Абай мұрасы талқыланды

2020 жылғы 6 мамыр 10:37
Бөлісіңіз:
Адалдық алаңы: Шығыс Қазақстан университетінде Абай мұрасы талқыланды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Абай мұрасы негізінде этикалық нормалар және академиялық адалық» тақырыбында онлайн конференция өтті.

Онлайн конференцияға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жігер Байдилдин және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Қазақстан-Америка еркін университетінің өкілдері қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абайдың «бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» деп атап өтті. Ендеше, біз осы жаһандану заманында жаманнан жиреніп, жақсыны үйренуіміз қажет.

Университет проректоры Сауле Рахметуллина академиялық адалықты сақтау қағидаларына және Абайдың ұлттық заң жүйесіне қосқан үлесіне тоқталды. Ал Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамен басшысы Жанна Қабдолдақызы Абай ілімі негізінде студенттерді адалдыққа тәрбиелеуде оқу орнының рөлі ерекше болатынына тоқталды. Бұдан бөлек, онлайн конференция спикері ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Жігер Байдилдин сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттерді айқындаған заңнама тарихына тоқталып өтті. Ол өз сөзінде оқу орындарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлар туралы да айтып өтті.

Жалпы академиялық адалдықтың саяси мақсаты ¬ жоғары білім беру сапасын әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оқытушылар мен студенттер арасында адалдық қарым-қатынастарын қалыптастыру, алаяқтыққа, жемқорлыққа, парақорлыққа жол бермеу болып табылады.

Онлайн конференцияға қатысқан студенттер де өз зерттеулерін ұсынды. Олар шетелдік оқу орындардың білім беру саясатын мысалға келтіріп, бұл ретте америкалық студенттердің академиялық адалдық рейтингі өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT