«Adal» партиясы өз қызметін тоқтатты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Adal» партиясы өз қызметін тоқтатуға құжат тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Adal» партиясы 2022 жылдың сәуірінен «AMANAT» партиясының құрамына кірген еді.

Азаматтық кодекстің 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 20 желтоқсанда «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігіне қосылу жолымен қайта ұйымдастыруға байланысты «ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігі қызметінің тоқтатылуын тіркеу жүргізілді.

«ADAL» саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 2 кезекстен тыс съездінің хаттамасы, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс ХХІІІ съездінің хаттамасы заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын тіркеуге негіз болған.

2022 жылғы 26 желтоқсандағы жағдай бойынша 6 саяси партия тіркелген:

1. «AMANAT» партиясы;

2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

3. Қазақстан Халық партиясы;

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы.

Бұған дейін аталған ведомство «Respublica» саяси партиясы әлі ресми тіркеуден өтпегенін мәлімдеген.

Сондай-ақ, «Байтақ» партиясы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы аталған саяси ұйымның жетекшісі Азаматхан Әміртай әлеуметтік желіде жазды.


Фото: facebook.com/adalpartiasy


Соңғы жаңалықтар