Адал кәсіпкерді сауатты тұтынушы қалыптастырады - Светлана Романовская

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Ұлттық тұтынушылар лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерінің алғашқы кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, биыл Ұлттық экономика министрлігіндегі тұтынушыларың құқықтарын қорғау бойынша міндеттер Сауда және интеграция министрлігінің жанынан құрылған Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне берілді. Комитет тұтынушылардың құқықтарын қорғау салсындағы жалпы басшылықты және сала арасындағы үлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган болып отыр.

Сонымен қатар, Ұлттық тұтынушылар лигасы тұтынушылардың мүдделерін қорғау саласындағы үлкен тәжірибесі бар республикадағы ең белсенді ұйымдардың бірі. Бүгінгі таңда 60 мыңнан аса адам оның мүшесі ретінде тіркелді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында тұтынушылар мен азаматтардың алдында жауапкершілік танытатын жеке кәсіпке қатысты қоғамдық бақылау құралдарын жандандыру міндетін қойды. Ол үшін мемлекеттік органдардың тұтынушылар қоғамдық бірлестіктерімен жұмыс жасауды күшейту, оларды тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамаларды жетілдіру жұмыстарына тарту, сондай-ақ Білім министрлігімен бірлесе отырып, «тұтынушылық білім беруді» ұйымдастыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, қазіргі кезде Сауда және интеграция министрлігі жұмыс жасап отырған стандарттау және сертификациялау жүйелері бәсекеге қабілетті қазақстандық бренд құруға бағытталған.

Бүгінде Сауда министрлігінің мақсаты – тұтынушылардың мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге негізделген. Қазіргі уақытта ведомство тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін қайта қарастыруда, саудагер/қызмет ұсынушы мен тұтынушының арасындағы тепе-теңдікке назар аударып отыр.

«Қазіргі сәтте бастапқы міндеттердің бірі - осы саладағы мәселелерге қоғамның назарын аударту. Оның ішінде тұтынушылық сауаттылықты арттыру, азаматтарды аса маңызды мемлекеттік және қоғамдық тұтынушылардың құқықтарын қорғау механизмдері туралы ақпараттандыру», - деді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Азамат Ахметов.

Өз кезегінде Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская сауатты тұтынушы адал кәсіпкерді қалыптастыратынын атап өтті.

Осы орайда тараптар мемлекет және қоғам атынан Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастық сценарийін талқылады. Талқылау нәтижесінде комитет пен Ұлттық тұтынушылар лигасының арасында меморандум жасалды.

Меморандум ортақ тәжірибені, ақапараттық және техникалық қорларды пайдалану, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер жөніндегі жұмыс топтары және бірлескен шараларды жоспарлау, сондай-ақ оларды іске асыру бойынша ынтымақтастықта өзара әдістемелік және кеңестік көмек көрсету жолымен өзара әрекеттесуді қарастырады.

Соңғы жаңалықтар