Аcтанада шорт-тректен ASTANA-OPEN чемпионаты өтеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 29-30 қараша күндері елордадағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен «ASTANA-OPEN» ашық қала чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл чемпионатта алдағы қысқы маусымға үздік спортшылардан тұратын Астана қаласының құрама командасы жасақталады. Жеңімпаздар әр жас тобындағы және әр қашықтық бойынша жеке біріншіліктерде анықталады.

Чемпионаттың жас санаты және қашықтығы:

- Кіші жастағы қыздар мен ұлдар:

2009 ж.т. (II жартысы – 500 м)

2011 ж.т. (I жартысы – 333 м)

- А тобындағы ұлдар мен қыздар:

2011 ж.т. (II жартысы – 500 м)

2013 ж.т. (I жартысы – 333 м)

- Б тобындағы ұлдар мен қыздар:

2013 ж.т. (II жартысы – 333 м)

2015 ж.т. (I жартысы – 222 м)

- Б тобындағы ұлдар мен қыздар:

2015 ж.т. (II жартысы – 222 м)

2016 ж.т. және одан кіші – 111 м)

Жарысқа еліміздің Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы және Астана қаласынан 180 қатысушы тіркелген. Олар екі күн бойы өздерінің бақтарын сынайтын болады. Сонымен қатар, аталған жарысқа халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем кубогі мен әлем біріншіліктерінің жүлдегері Абзал Әжғалиев құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Жарыстың ашылу салтанаты «Алау» мұз сарайында 29 қараша сағат 11:00-ге жоспарланған. Ал, жарыстың өзі екі күн бойы 9:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.


Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар