ӘЧ: Жасұлан Қыдырбаев - алтын, Владимир Седов күміс жүлдені иеленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетика бойынша әлем чемпионатында 94 келі салмаққа дейінгі ерлер арасында жарыс өтті, деп жазады sports.kz.

Қазақстандық Жасұлан Қыдырбаев қоссайыс нәтижесі бойынша 408 келіні (179+229) бағындырып, алтын жүлдеге қол жеткізді. Одан бір келі кем көтерген еліміздің тағы бір өкілі Владимир Седов күміс жүлдені олжалады (188+219). 399 келі (185+214) салмақты көтерген литвалық Ауримас Дидзбалис үшінші орыннан көрінді.

Ертең сағат 16:00-де әйелдер арасындағы 75 келіге дейінгі салмақта Анна Нұрмұхамбетова, ал 19:00-де ерлер арасында Илья Ильин шығады.

Әлем чемпионаты. 94 келіге дейінгі салмақ. А тобы

1. Жасұлан Қыдырбаев (Қазақстан) - 408 (179+229)

2. Владимир Седов (Қазақстан) - 407 (188+219)

3. Ауримас Дидзбалис (Литва) - 399 (185+214).

Соңғы жаңалықтар