ӘЧ іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Англиядан ойсырай жеңілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионаты - 2019 іріктеу турнирі аясында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Англия командасынан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.

Павлодарда өткен матчта алаң иелері 9-шы минутта Мидтің соққан голын жіберіп алды. Үзіліске дейін қонақтар Дэйлидің арқасында тағы бір гол салды. Екінші таймда Кристансен, Станнифорт, Мид және Бронз есепті ағылшындықтардың пайдасына 6:0-ге жеткізді.

Бұл қазақстандықтар үшін қорытынды ойын болды. Біздің құрама 3 ұпаймен, кестеде соңғы орынды иеленді. Ағылшындықтар мерзімінен бұрын келесі айналымға шықты.  

Футболдан әйелдер Ұлттық құрамасы матч алдында Павлодарда жанкүйерлермен кездескен болатын. Олардың сұрақтарына жауап беріп, қолтаңба таратқан еді. 

Соңғы жаңалықтар