ӘЧ: Гүлназ Наурызова екінші орынға тұрақтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Гүлназ Наурызова 63 келіге дейінгі салмақ санатында «С» тобында екінші орынға тұрақтады.

Қоссайыстың нәтижесінде қазақстандық спортшы 196 ұпайды иеленді (91+105). Оңтүстік Кореялық спортшы Ие Ра Ким 201 келі нәтижемен оқ бойы озық шықты. Үшінші орынға испаниялық спортшы Ирен Мартинес Сантьяго 192 (90+102) тұрақтады. Гүлназ Наурызова - Израильде өткен ауыр атлетикадан студенттер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2013 жылы Азия чемпионатында 5-ші орын иеленген. Бүгін сондай-ақ 63 келіге дейінгі әйелдер арасында «В» тобының мықтылары да анықталды. Олар - ресейлік Надежда Лихачева мен мысырлық Сара Саид Ахмет. Айта кету керек, аталған салмақ категориясы бойынша негізгі сайыс «А» тобында жалғасады. Ертең кешкі сағат 16:00-де 63 келі салмақ санатында қазақстандық ауыр атлет Карина Горичева әлемнің азулы спортшыларымен бәсекеге түседі.

Соңғы жаңалықтар