ӘЧ-2020: Іріктеу кезеңінде ел құрамасының кездесуі мүмкін қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңі аяқталды. Элиталық кезеңде Қазақстан кездесуі мүмкін құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионатына іріктеудің элиталық кезеңіне 16 команда қатысады. Соның ішінде Қазақстан құрамасы да бар. Қазақстан элиталық кезеңде мына командалармен: Испания, Финляндия, Словения, Украина, Азербайжан, Словакия, Италия, Беларусь, Румыния, Сербия, Франция, Россия, Хорватия, Португалия және Чехиямен ойнауы мүмкін.

Айта кетейік, 7 қарашада элиталық кезеңнің жеребесі тартылады. Элитаның ойындары 2020 жылғы 28 қаңтарда басталып, 2 ақпанда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар