ӘЧ-2018: Уругвай Сауд Арабиясын ақыры жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан әлем біріншілігінің финалдық кезеңі бойынша А тобындағы екінші тур ойындары мәресіне жетті. Уругвай Сауд Арабиясын 1:0 есебімен жеңді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше, 19 маусымда Ресей құрамасы Египетті жеңіп, жарысты жалғастыруға бір табан жақындаған еді. Мамандар тағы бір жолдама Уругвайға бұйыруы мүмкін деген болжам айтты. Рас, екі ойында Египеттен жеңілістен көз ашпаған Египеттен өзгесінің барлығы өз тобында алғашқы екі орынға қол жеткізу мүмкіндігінен айрылған жоқ. Сондықтан Уругвай мен Сауд Арабиясы арасындағы кездесу жанкүйер үшін осы жөнінен қызықты болатын.

Біз Уругвай құрамасының Сауд Арабиясымен бұдан бұрынғы 2 кездесуінде жеңіске жете алмай келе жатқаны жөнінде айтқан едік.

Оңтүстік Америка құрлығы өкілдері өздерінен әлсіз құрамаға көбірек күш жұмсауға онша ниетті емес секілді. Дегенмен құраманың бас бапкері Оскар Табарес жанкүйерге есімі белгілі Луис Суарес пен Эдисон Кавани сынды саңлақтарды алғашқы минуттан жасыл алаңға шығарды. Алғашқы минуттарда қос құрама тарапынан белсенді қимыл көзге түсе қоймады. Доп қос қақпаға маңына жолай қойған жоқ. Бір сәттерде араб футболшылары допқа иелік ету жөнінен басымдық танытып тұрды. Кездесудің 12-минутында Францияның ПСЖ сапында ойнайтын Эдисон Кавани қарсыластар қақпасы маңында қауіпті шабуыл ұйымдастырды.

Алайда ол тепкен доп қақпадан біршама жоғары кетті. Арада үш минут өткенде ол тағы да Сауд Арабиясы құрамасын тағы бір мәрте мазалады. Бұл жолы да дәлдік таныта алмады. Осыдан кейін Луис Суарестің де гол соғатын мүмкіндігі туған еді. Бұл футболшы да өзінің мергендігін көрсете алмады. Кездесудің 23-минутында Луис Суарес өзінің дегеніне жетті. Араб қақпашысының өрескел қателігінен ол допты бос қақпаға бағыттай салды. Алғашқы кезеңде бұдан өзге біршама қауіпті сәттер болды. Бірінші кезеңнің соңына таман уругвайлықтар негізінен қорғаныста жүрді. Кездесудің алғашқы 45-минуты 1:0 есебімен Уругвай жеңісімен аяқталды.

Екінші кезеңде де саудтықтар қарсыластар қақпасы аумағына жетуге тырысты. Ал 51-минутта Луис Суарес допты шірене тепкен еді. Оны араб қақпашысы қайтарды. Ал 66-минутта Эдисон Кавани осындай мүмкіндікті пайдалана алған жоқ. Одан кейін біршама уақыт уругвайлықтар қарсыластарына доп бермей жүрді. Арабтар да әлі де жеңіске жетуден үміттерін үзбеген секілді. Қолдан келгенше гол соғу жолын іздеп жүргені аңғарылды. Уругвай шабуылшысы Эдисон Кавани есепті ұлғайту мүмкіндігін жіберіп алды.

Естеріңізге сала кетелік, А тобындағы екінші турдың алғашқы ойыны кеше, 19 маусымда ойналып, онда Ресей мен Египет құрамалары кездесті.

Бұл топтағы келесі тур 25 маусымда өткізіліп, Сауд Арабиясы мен Египет, Уругвай мен Ресей кездеседі.

Сондай-ақ, бүгін В тобындағы Португалия Мароккодан басым түссе, сағат 00.00-де Иран мен Испания шеберлік байқасады.

Ойын Ойын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазірге дейін жарыстың 1/8 финалдық сатысына шыққан үш құрама анықталды. Олар - Ресей, Уругвай, Португалия.

Әділжан Үмбет

Соңғы жаңалықтар