ӘЧ-2018: Қазақстандықтар футбол ойындары өтетін қалаларға тікелей ұша алады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейде  футболдан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Осыған байланысты ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық жанкүйерлерге  футболдан  әлем чемпионаты ойындары болатын қалаларға, тікелей ұшуға болатынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» комитеттің   Facebook парақшасына сілтеме жасай отырып.

«Жаз мезгілінде  төрт әуе компаниясы:  Air Astana, Skat, Aeroflot және Сибирь арқылы  Қазақстаннан Мәскеуге аптасына 105 рейс жүзеге асырылады. Аптасына 14 рейс Санкт-Петербургке,  6 рет Қазанға,  4 рет Сочиге, 7 рейс Екатеринбургке барады», - делінген хабарламада.

Тастан Жанатұлы

Соңғы жаңалықтар