ӘЧ-2018: 1/8 финал ойындарының кестесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Ресей жасыл алаңдарында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне ертең старт беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1/8 финал ойындарын Қазан қаласындағы «Қазан Арена» стадионында 30 маусым күні Франция және Аргентина құрамалары бастап береді. Ойын Астана уақытымен 20:00-де (қалған ойындар да - Астана уақытымен) басталады. Оны Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Сол күні 00:00-де Сочидегі «Фишт» стадионында Уругвай және Португалия құрамалары алаңға шығады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирден көруге болады.

1 шілде күні 1/8 финалдың үшінші матчында Испания және Ресей құрама командалары ширек финал мәселесін шешеді. Кездесу Мәскеудегі «Лужники» стадионында болады. Ойынды тікелей эфирден Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. Басталатын уақыты - 20:00.

Түнгі 00:00-де «Нижний Новгород» стадионында Хорватия мен Дания алаңға шығады.  Ойынды тікелей эфирден Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді.

Келесі күні, 2 шілдеде Бразилия және Мексика құрама командалары Самарадағы «Самара Арена» стадионында өзара мықтыны анықтайды. Ойынды Qazsport телеарнасында тікелей эфирден көруге болады. Басталатын уақыты - 20:00.

00:00-де «Ростов Аренада» Бельгия мен Жапония күш сынасады. Ойынды Qazaqstan және Qazsport телеарналары арқылы тікелей эфирден көруге болады.

3 шілде күні 20:00-де «Санкт-Петербург» стадионында Швеция мен Швейцария ширек финал жолдамасын сарапқа салады. Ойынды Qazsport арнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Ал түнгі 00:00-де Мәскеудегі «Спартак» стадионында Колумбия және Англия құрамалары кездеседі. Ойынды тікелей эфирден Qazaqstan және Qazsport телеарналары көрсетеді. 

Соңғы жаңалықтар