Ацетилді апиын жасаған үшін алдағы 7 жылын абақты да өткізеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Степногор қалалық соты заңсыз ацетилді апиын жасаған Д.Филатов есімді жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сотта белгілі болғандай Д.Филатов өз пәтерінде қолда бар құрал-жабдықтарымен ірі көлемде заңсыз ацетилді апиын жасаған. Сонымен қатар, ол есірткі затын заңсыз сақтап, саудалаған көрінеді.

Сот үкімімен Д.Филатов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 259-бабы 2-бөлімінің 1- тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, жалпы тәртібіндегі түзету колониясында жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлікі тәркіленіп, мемлекет кірісіне енді.

Сонымен қатар, сот Д.Филатовқа жазасын өтеу орнында есірткіден мәжбүрлеп емдеу шарасын белгіледі.

Соңғы жаңалықтар