Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.05 EUR 432.79
RUB 5.96 CNY 55.46
Jańalyqtar

Абзал Сапарбекұлы: Тоқаев кезеңінде Түркия-Қазақстан қарым-қатынасы тың серпінмен дамиды

2019 жылғы 14 маусым 11:59 419
Бөлісіңіз:
Абзал Сапарбекұлы: Тоқаев кезеңінде Түркия-Қазақстан қарым-қатынасы тың серпінмен дамиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Маусымның 9-ында өткен Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы әлемдік ақпарат құралдарының назарында болды. Еліміздің маңызды тарихи оқиғасына қатысты  Қазақстан Республикасының Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Абзал Сапарбекұлы президенттік сайлау, алдағы даму бағыттары туралы  Анадолы агентігіне (Anadolu Ajansı) сұхбат берді. 

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Президенті дәрігерлерді төл мерекесімен құттықтады Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде АӨСШК саммитіне қатысады

Сұхбат барысында Елші жаңа сайланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың іскерлігі мен жоғары деңгейдегі тәжірибесіне тоқталып, мұның Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының дамуына оң ықпал ететіндігін, алдағы кезеңде екі ел арасындағы қарым-қатынас тың серпінмен дамитынын атап өтеді.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия-Қазақстан қарым-қатынастарының негізін қалады. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев соңғы 10 жыл бойы осы байланыстарды одан әрі нығайтты. Екі ел арасында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі, Үкіметаралық экономикалық комиссия мен «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламасы бар. Мұның барлығы екі ел арасындағы стратегиялық қарым-қатынастардың тұрақты және берік механизмдері бар екенін көрсетеді», - деді Абзал Сапарбекұлы.

Елші сонымен қатар Н.Назарбаев Түркияға әрдайым ыстық ықылас пен ерекше құрметпен қарайтындығына тоқталды. «Елбасы Нұрсұлан Назарбаев, Түркияға, тек түркі әлемінің маңызды елдерінің бірі ғана емес, аумағында және халықаралық қоғамдастықта маңызды рөлге ие мемлекеттің бірі ретінде қарайды. Түркияның қуатты болуы Қазақстан және сондай-ақ түркі әлемінің де қуатты болуы дегенді білдіреді. Түркиядағы саясаткерлер Қ.Тоқаевты мемлекет қайраткері, халықаралық деңгейде тәжірибелі дипломат және саясаткер ретінде таниды. Сондықтан да, алдағы қарым-қатынастарымыз бауырластық пен стратегиялық әріптестік деңгейін толыққанды көрсете білетін дәрежеде жалғасын табады»,- деді ол.

Сұхбат барысында 9 маусымда өткен сайлау туралы да әңгіме өрбіді. Онда Абзал Сапарбекұлы биылғы сайлау додасының ерекшеліктеріне, ұйымдастыру деңгейіне тоқталып, нәтижелеріне де шолу жасаған.

«Сайлауға дейін барлық үміткерлерге бұқаралық ақпарат құралдарында бірдей мүмкіндік берілді, тікелей эфирде үміткерлер арасында телевизиялық пікірталас ұйымдастырылды. Ең маңыздысы сайлау компаниясының жұмыстарына тосқауыл боларлық ешқандай шағым тіркелмеді және кандидаттар әлеуметтік желіні белсенді түрде пайдаланды. Сайлау күні, мемлекеттік арналар және жеке арналар тарапынан тікелей эфирлер ұйымдастырылды. 2-3 сағаттық уақыт арасында бір рет Орталық сайлау комиссиясы тарапынан халықтың сайлауға қатысу деңгейі хабарланып отырды. Сайлау күнінің соңында сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысқандығы туралы ақпараттың өзі саяси доданың ашық түрде өткендігінің көрсеткіші болып табылады. Жалпылама алғанда,  Қазақстандағы сайлаулар жазылмаған дәстүрге сай мерекелік көңіл-күй тұрғысында өтеді. Бұл үрдіс Түркияда құрылған сайлау учаскелерінде де жалғасын тапты», - деді Елші.

А. Сапарбекұлы, Қазақстандағы сайлауды, Түркиядағы күн тәртібіне қосып, халықты жылдам әрі нақты ақпаратпен қамтамасыз еткен Анадолы агенттігіне алғыс білдірді.

Бұдан бөлек, А.Сапарбекұлы жаңадан лауазымына кіріскен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев туралы сөз қозғап, оның елдегі қиындықтарды жақсы білетіндігіне кеңінен тоқталды. Елшінің айтуынша, Президент алдағы уақытта қоғамның барлық сегменттерімен бірге әрі солармен кеңесе отырып, халық мүддесінен туындайтын мәселелерге барынша назар аудармақ. 

«Сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы кезеңде саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдар қатысатын бірлескен кеңес құрылатындығын және бұл Қазақстанның демократиясына және тұрақты дамуына үлес қосатындығын мәлімдеді. Қ. Тоқаев, саяси-экономикалық, мемлекеттік басқару, елдің әл-ауқатын арттыру және сыбайлас жемқорлық сияқты мәселелерде нақты қадамдар жасау арқылы елдің дамуына жаңа серпін бергісі келеді. Ол шетелде білім алған, талантты, қабілетті жастарды мемлекеттік және жеке секторда жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Тұрақты Қазақстан үшін біз осы ішкі динамиканы сақтауымыз қажет. Бұл динамика алдағы уақытта жалғасып халықтың үміті ақталады. Президентіміз сайлаудан кейін Қазақстанның ең жарқын және білікті деген 300 жас буынды мемлекеттің ең маңызды органдарына тағайындайтындығын жариялады», - деді А. Сапарбекұлы.

Сұхбатта Қазақстанның жаңа кезеңдегі сыртқы саясаты туралы айтылып, қазіргі стратегиялық және бауырластық қарым-қатынастар жалғасатыны сөз болды.

«Қазақстан сыртқы саясатындағы көп векторлы бағытын  жалғастырады. Өйткені, бұл сыртқы саясатты қалыптастырғандар арасында Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. 10 жыл бойы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. Қазақстан КСРО-дан кейінгі кезеңде батыс және шығыс елдерімен жақсы қарым-қатынастар орнатқан және проактив саясат ұстанған аз ғана елдердің бірі болып табылады. Қ. Тоқаев кезеңінде  Қазақстан халықаралық аренадағы тең дәрежелі және ұлттық мүдделерге сәйкес белсенді саясатын жалғастырады», - деді Абзал Сапарбекұлы.

Сұхбат барысында Елші Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның  экономикалық, әлеуметтік, саяси, әкімшілік және мәдени тұрғыда дамығанын атап өтті.

«Күрделі кезеңдерде әлеуметтік тұрақтылық сынағы мен түрлі қиындықтар туындайтыны белгілі. 90-шы жылдарда Қазақстан алуан мәдениетті ел ретінде қалыптасқан болатын. Түрлі этникалық топтардың бір уақытта бір жерде бейбітшілік пен ынтымақтастықта өмір сүруі біз үшін экономикадан да маңызды еді. Бұл мәселелердің барлығы Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың көреген саясаты арқасында шешімін тапты. Елбасы Н. Назарбаевтың ең маңызды қызметтерінің бірі - Қазақстан халқына мемлекет болуды, жеке тұлға болуды және халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесі болуды үйретті. Болашаққа деген сенімін қалыптастырды және бұны нақты әрекеттермен көрсетті», - деді Абзал Сапарбекұлы. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT