Абзал Нүкенов ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі болып тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 қарашадағы №651 қаулысымен Нүкенов Абзал Нүкенұлы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі тағайындалды.

Абзал Нүкенов 1978 жылы 21 шілдеде Алматы облысында  дүниеге келген.

1995-2000 жылдары - «саясаттану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты (2004 ж.)

2000-2005 жылдары - «Отан» партиясы Орталық аппаратының идеологиялық бөлімі секторының меңгерушісі, консультант.

2005-2006 жылдары - Алматы қ. әкімдігінің Ішкі саясат департаментінің үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы.

2006 жылғы қыркүйекте Алматы облысы Әуезов ауданы әкімінің  орынбасары болып тағайындалды.

2009-2011 жылдары - Л. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің Заманауи зерттеу институтының директоры.

2011-2016 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Ахуалдық орталығы секторының меңгерушісі,  меңгеруші орынбасары, меңгерушісі болды.

  «Ерен еңбегі үшін»   медалімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар