Абзал Құспан: Мемлекет басшысының қаңтар оқиғаларын жан-жақты тергелуін талап етіп отырғаны бізге күш берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы қаңтар оқиғалар орын алған кездегі табанды шешім қабылдап, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап берді. Бұл туралы белгілі адвокат Абзал Құспан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар оқиғасына байланысты «Аманат» комиссиясының жұмысына тоқталған А. Құспан: «Біріншіден, бізге осындай мүмкіндік тудырып, қолдағаны үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына комиссия атынан және біз қорғаған жүздеген азаматтың атынан алғыс білдіргім келеді. Мемлекет басшысының осы оқиғалар орын алған кездегі табанды шешімі, оқиға бойынша алғашқы кезеңнен бастап елге ашық сұхбат беріп, қоғамды мазалаған сұрақтарға батыл жауап бергені, басынан бастап тергеу органдарынан болған оқиғаны мейлінше ашық әрі объективті, жан-жақты тергелуін талап етіп отырғаны бізге де ерекше күш-жігер сыйлағанын айтқым келеді. Біз және бізден бөлек құрылған басқа да комиссиялар осы мақсатта жұмыс істеді», - деді А. Құспан Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол өзі қатысқан комиссияның мақсаты қаңтар оқиғасы кезінде қылмыстарға қатысы жоқ, тек бейбіт шеруге шықтық деп ойлап, арандап қалған немесе жасаған қылмыстық іс-әрекеттері, денсаулығы, әлеуметтік мәртебесі, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты қоғамға қауіп төндірмейтін тұлғаларды анықтап, олардың бас шарасын өзгерту, кейіннен қылмыстық іс орбитасынан алып шығару болғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар