Абылайхан Жүсіпов Токиодағы жеңілісі туралы: Салқынқанды отырып саралау керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасындағы жеңілісі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бокста бірінші жыл жүрген жоқпын, бірінше рет мұндай жүкті арқалаған емеспін, сондықтан психологиялық тұрғыдан да дайын болдым. Өз басым бабымда, тыңғылықты дайындалып бардым деп айта аламын. Өзім ойлаған, бапкер қойған талаптарды барынша орындадым деп ойлаймын. Жарыс алдында бізге барлық жағдай жасалды, Токиоға жарыс алдында бір апта бұрын бардық. Өз басым жеке-жегімді әлі қараған жоқпын, оны салқынқанды отырып қарап, саралау керек. Сол кезде не кемшілік кеткенін сонда айта аламын», - деді Абылайхан Жүсіпов астана әуежайында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, спортшы аздаған демалыстан соң кәсіби спорттағы жоспарын қайта қарастыратынын айтты.

«Олимпиадаға екінің бірі барып жатқан жоқ, оған қатысудың өзі бақыт. Әр жарыстан соң шүкіршілік етеміз. Мен үшін әр жарыс ол сабақ, бұл Токио Олимпиадасы да кезекті сабақ болды. Олимпиадаға қатысуды армандаушы жас спортшыларға айтарым, көп еңбектену керек», - дейді ол.

Еске сала кетсек, 69 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абылайхан Жүсіпов АҚШ спортшысы Джонсон Делантемен кездесіп, 1:4 есебімен жеңілген еді.

Айта кетейік, бүгін ердалық жанкүйерлер Токио Олимпидасынан оралған боксшылар Василий Левит пен Абылайхан Жүсіповті ерекше қошеметпен қарсы алды.



Соңғы жаңалықтар