Абылайхан Жүсіпов боксшылардан алғашқы болып Токио Олимпиадасына жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов боксшылардан бірінші болып Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемде «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Абылайхан Жүсіпов қазақ боксшылары арасында бірінші болып Токио Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

Ол ширек финалда Таиланд боксшысы Масук Вуттичайді 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шығып қана қоймай, Токио Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды.

Бұл салмақта алғашқы алтылыққа енген боксшыларға лицензия бұйырады. Жартылай финалда Абылайхан үндістандық боксшымен кездеседі.

Енді санаулы минуттардан кейін ерлер арасында тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олардың бірі - Бекзат Нұрдәулетов (81) болса, екіншісі Василий Левит (91 келі).

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан спортшылары Токио Олимпиадасына 29 жолдама жеңіп алғаны туралы жазған болатынбыз. Міне, бүгін бокстан Абылайхан Жүсіпов ел қоржынына 30-шы жолдаманы салды.

Абылайханнан соң рингіге 81 келі салмақта шыққан Бекзат Нұрдәулетов, 31 келіде Василий Левит Токио Олимпиадасына лицензия ұтып алды.


Соңғы жаңалықтар