Абылайхан Жүсіпов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әуесқой бокста Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов профи-рингтегі келесі жекпе-жегін биылғы қараша айында АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Американың Миннеаполис қаласындағы «Арморей» аренада 5 қарашада өтетін Айдос Ербосынұлы мен Дэвид Морелл жекпе-жегінің андеркардында тағы бір боксшымыз – Абылайхан Жүсіпов өнер көрсетеді. Бұл оның кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Спортшымызға сәттілік тілейміз», - деп келтірілген боксшы командасының сөздері «Қазақстанның кәсіпқой боксы» Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, әуесқой бокста әлем чемпионатының үш мәрте қола медалін жеңіп алған А.Жүсіпов қазіргі уақытта А.Ербосынұлымен бірге АҚШ-қа келіп, жекпе-жекке дайындалып жатыр.

А.Ербосынұлы (16-0, 11КО) мен Д.Моррелл (7-0, 6КО) WBA нұсқасы бойынша екінші орта салмақтағы «тұрақты» әлем чемпионы атағы үшін айқасатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар