Абылайхан Құсайыновтың келесі жекпе-жегінің датасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Кәсіпқой боксшы Абылайхан Құсайыновтың (12-0, 9КО) келесі жекпе-жегінің датасы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Instagram-дағы Қазақстанның кәсіпқой боксы парақшасында BoxRec.com-ға сілтеме жасап мәлім етілгендей, А.Құсайынов рингке 1 маусым күні Мәскеуде шығады. Оның қарсыласы – жеңіліп көрмеген ресейлік боксшы Артур Субханкулов (5-0, 4КО). Жеңіл салмақтағы жекпе-жек 10 раундқа есептелген.

Еске салайық, Абылайхан Құсайынов кәсіпқой рингке 2020 жылдың қазанында оралған болатын. Өткен жылдың желтоқсан айында ол Алматыда тәжікстандық Бахтовар Сагизовты (0-4) мерзімінен бұрын жеңді. Одан кейін 21 наурызда Алматыдағы бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған еді. Алайда, кейін жекпе-жек өтпейтіні хабарланды.


Соңғы жаңалықтар