+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Абылайхан Кәдіржан BATTLE OF NOMADS Гран-приде жеңіске жетті

2018 жылғы 10 мамыр 02:35
Бөлісіңіз:
Абылайхан Кәдіржан BATTLE OF NOMADS Гран-приде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ММА апталығы барысында 61,2 келіге дейінгі жеңіл салмақ дәрежесінде BATTLE OF NOMADS Гран-придің бастапқы жекпе-жектері өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның ММА федерациясына сілтеме жасап.

Турнир қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды. Алғашқы кездесу дебютант Ержан Ердәулет пен украиналық Олексий Бондаренко арасында өтті. Жекпе-жектің екінші раундында Украина спортшысы бірнеше ауыр соққы жасап қазақстандықты техникалық нокаутпен жеңіп кетті.

Екінші кездесу қазақстандық Самат Жағыпаров пен өзбекстандық Жасурбек Анарбоев арасында өтті. Осы жекпе-жек те бізге жеңіс әкелмеді. Тартысты өткен айқаста төрешілердің шешімімен Анарбоев жеңді.

Үшінші жекпе-жектің алғашқы екі раундта қарсылас басым түсті. Алайда үшінші раундтың 4-минутында Абылайхан Кәдіржан ауыртатын әдіспен жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.

Айта кетерлігі, Абылайхан «Мансұр» Кәдіржан BATTLE OF NOMADS Гран-при турнирінің ширек финалында жеңіске жеткен жалғыз қазақстандық.

Турнир соңында испандық Carlos Eduardo TETO TERRANOSA de Azevedo қырғыз Мықтыбек Өскөнбоевпен айқасты. Жекпе-жек алдында испандыққа межеленген салмағы асып кеткені үшін сары карта берілген еді. Алайда ескерту алғанына қарамастан TETO TERRANOSA төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетті.

Еске сала кетсек, 8-11 мамыр аралығында Астанада ММА апталығы барысында Қазақстанның аралас жекпе-жектен VI чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан чемпионы титулына еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200 спортшы бақ сынауда. Ертеңгі нәтижес бойынша жасөспірімдер және ересектер арасында 14 салмақ дәрежесінде финалға шығатындар белгілі болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT