Абылай Төлеш Әлем чемпионы атанды

None
None
 АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Ресей астанасы Мәскеуде панкратионнан Әлем чемпионаты өтті. Кілең мықтылар бас қосқан дүбірлі додада жерлесіміз Абылай Төлеш қарсыласын шақ келтірмей жасындай жарқылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абылай іріктеу кезеңдерінде тәжікстандық және әзербайжандық қарсыластарын ұтты. Жартылай финалда қырғыз спортшысын оңай тізе бүктірді. Ал ақтық сында тартысты өткен жекпе-жекте жарыс қожайынына еш мүмкіндік бермей чемпиондық белдіктің иегері атанды.

Айта кетелік, Абылай осыған дейін жекпе-жек спорттарының барлығында дерлік өз бағын сынап, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген спортшы. Самбо, жекпе-жек, панкратион секілді спорттардан түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпазы. Кәсіпқойлар арасында да бағын сынап жүр. Бүгінгі күндері Атыраудаа жаңадан ашылған «Мерген»жауынгерлік клубында жаттығады.

Соңғы жаңалықтар