Абылай Мырзахметов Парыз мемлекеттік наградасын тағайындауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов қайырымдылық жасаумен халық сүйіспеншілігіне бөленген кәсіпкерлер үшін «Парыз» мемлекеттік орденін тағайындауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырымдылықпен айналысатын кәсіпкерлерге моральдық қолдау көрсетуді маңызды деп санаймыз. Мәселен, Ресей президенті жыл сайын қайырымдылықпен танылған азаматтарды мемлекеттік наградамен марапаттайды. Қазақстанда қайырымдылық жасаған кәсіпкерлерге «Шапағат» медалі беріледі. Одан бөлек, «Парыз» атты мемлекеттік награданы бекітуді ұсынамыз», - деді Абылай Мырзахметов Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, ҰКП төрағасы жыл сайын ұйымдастырылатын «Парыз» конкурсының талаптарын өзгерту қажет деп есептейді.

«Жыл сайын «Алтын сапа» және «Парыз» конкурстары өткізіледі. Бірақ, «Парыз» корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған. Онда жұмыс берушінің өз қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілігі ғана бағаланады. Біз «Парыз» конкурсын кеңейтіп, тек қана корпоративтік жауапкершілік емес, жалпы қайырымдылықпен айналысатын азаматтарды да марапаттау қажеттігін ұсынамыз. Халық игі істердің назардан тыс қалмайтынын көруі керек», - деп өз сөзін түйіндеді А.Мырзахметов.

Айта кеткен жөн, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға шақыратын «Атамекенім» қайырымдылық акциясын іске қосты. https://kaz.inform.kz/news/ulttyk-kasipkerler-palatasy-atamekenim-akciyasyn-iske-kosty_a3063685

Соңғы жаңалықтар