Абылай Мырзахметов Елбасына пандемия кезінде бизнеске көмек жайында мәлімдеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Тұңғыш Президентінің сайтында мәлім етілгендей, кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар А.Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантин шектеулерінен зардап шеккен шағын және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.


Соңғы жаңалықтар