Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі «AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.


Соңғы жаңалықтар