Әбу-Дабиде Solar Impulse 2 ұшағының жершарын айнала жасаған саяхаты сәтті аяқталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Күн батареяларымен жұмыс істейтін Solar Impulse 2 ұшағы өзінің жершарын айнала жасаған саяхатын БАӘ-де аяқтады, деп хабарланды жобаның Twitter-дегі ресми шағын блогында, деп жазды РИА Новости.

Жексенбіде ұшақ Мысырдан БАӘ-ға ұшқаны туралы хабарланды. Solar Impulse 2 бір апта бұрын соңғы қалаға ұшуы тиіс еді, алайда ұшқыш Бертран Пикардың ауыруына байланысты кейінге шегерілді.

"Solar Impulse 2 және Бертран Пикар Әбу-Дабиде сәтті  қонды", - деп жазылды жоба Twitter-інде.

Ұшқанда күн энергиясын пайдаланатын Solar Impulse 2 жер шарын айналу шартын 2015 жылы 9 наурызда Әбу-Дабиден бастады. Ол Оман (Маскат), Үндістан (Варанаси), Мьянма (Мандалай), Қытай (Чунцин және Нанкин), Жапония (Нагоя) және АҚШ-тың бірнеше қалаларында болды. 

Соңғы жаңалықтар