+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Әбу-Дабиде «Құнанбай» фильмі көрсетіледі

2020 жылғы 27 қаңтар 16:39
Бөлісіңіз:
Әбу-Дабиде «Құнанбай» фильмі көрсетіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін, 27 қаңтарда Әбу-Дабидегі «Манарат әл Саадият» мәдени орталығында Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында режиссер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі «Қазақфильмге» сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан қаласы туралы жаңа фильм шықты Қарағанды облысында «Қазақфильм» күндері өтеді Соңғы онжылдықта түсірілген үздік фильмдер тізіміне «Қазақфильмнің» туындысы енді

Киностудияның мәліметінше, мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында ұйымдастырылған.

«Құнанбай» киносынан бөлек, «Қазақ биі» деректі фильмі көрсетіледі. Бұл туындының режиссерлері – Әнуар Садықова және Ғазиз Насыров. Деректі фильмде жас балерина, А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Жанель Ұланованың өнері арқылы қазақ биінің тарихы баяндалады.

Ал ертең, 28 қаңтарда режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы» тарихи кинодиологиясының екі бірдей маусымы – «Алмас қылыш» және «Алтын тақ» фильмдері ұсынылады. Бұл туындылардың сценариі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» атты бірінші романының негізінде жазылған. «Қазақ хандығы» ауқымды тарихи жобаның идея авторы – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан киносы күндерінің соңғы күні, 29 қаңтарда режиссер Ақан Сатаевтың «Елбасы жолы. Астана» және режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмдері көрсетіледі.

Туындылардың барлығы қазақ тілінде (ағылшын тіліндегі титрлері бар) ұсынылатын болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT