Jańalyqtar
Әбу-Дабиде қазақстандық джиу-джитсу шеберлері 9 медаль жеңіп алды
2018 жылғы 18 қаңтар 10:16
Бөлісіңіз:

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде қаласында өткен джиу-джитсудан Grand Slam World Tour халықаралық турнирінде отандастарымыз 3 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталған турнирге Қазақстаннан 17 спортшы қатысты.
Алтын медалді Айдар Түлейбаев (қоңыр белбеу), Ядгар Қасымов (қоңыр белбеу) және Мигель Мамырбаев (көк белбеу) жеңіп алды. Ал күміс жүлдеге Арлан Шабдарбаев (қызылкүрең белбеу), Ержан Естанов (көк белбеу), Мұхамедияр Құдайқұлов (қызғылт-сары белбеу) жәнеОсманжан Қасымов ие болды. Қола медальға Төлеген Құмаров (қоңыр белбеу) пен Батыр Мұратұлы (ақ белбеу) қол жеткізді.
Айта кетер жайт, Grand Slam халықаралық турнирінің келесі кезеңі наурыз айының 10-ы мен 11-і күндері Лондонда өтеді.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Жаңқош Тұраров тәжірибелі британдық боксшымен жекпе-жек өткізеді
- Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын 1 минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді
- Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Теннис: Зара Дәркен Минскідегі турнирдің финалында жеңіліп қалды
-
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
-
Олимпиада: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER