Әбу-Дабиде Қазақстан-БАӘ арасындағы азық-түлікті стандарттау перспективалары зерделенеді

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бүгін Әбу-Даби қаласында Қазақстан-Әмірліктер үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысы өзінің екі күндік жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірлескен үкіметаралық комиссия кезекті пленарлық отырысының жұмысы барысында тараптар Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуына ықпал ететін бірқатар мәселелерді талқылап, шешуге ниетті. Атап айтқанда, тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық салалардағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Күн тәртібінде сондай-ақ көлік және логистика, ғарыш, білім және мәдениет, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері», делінген хабарламада.

Әбу-Дабидегі кездесу барысында бұдан басқа азық-түлік қауіпсіздігі, техникалық реттеу және стандарттау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары егжей-тегжейлі зерделенеді деп күтілуде.

Қазақстан тарапынан комиссияның тең төрағасы ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов, әмірлік тарапынан – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі шейх Абдалла бен Заид Әл Нахаян.


Соңғы жаңалықтар