Әбу-Дабиде азиялық бокстың даму мәселелері талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әбу-Дабиде Азиялық бокс конфедерациясының атқару комитетінің (ASBC) отырысы өтті, деп хабарлайды ASBC баспасөз қызметі. Отырыста қаржылық есеп пен алдағы жылдың бюджеті, сонымен қатар құрлықтық бокстың даму жоспары талқыланды.

«Аталмыш іс-шара аясында ASBC атқару комитеті мүшелері мәртебелі Шейх Наян Бин Мубарак Аль Наянмен, мәдениет, жастар және әлеуметтік даму істері бойынша министрімен кездесті», - деп айтылады хабарламада.

- Біз ұлттық федерациямызға қажетті мемлекеттік қолдау көрсетуге дайынбыз. Жақын болашақта бокстан чемпионат өтеді деп үміттенеміз, - деп атап өтті Шейх Аль Наян.

ASBC атқару комитеті отырыста 2017 жылда өтетін жарыстардың күнтізбесін бекітті.

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) вице-президенті, ASBC президенті Серік Қонақбаев: «Ересектер арасындағы бокстан Азия чемпионаты Индонезияда мамыр айында, жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Тайландта маусым айында, 19-22 жастағы жастар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Филиппинде тамыз айында, әйелдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты Вьетнамда қазан айында өтеді», - деп мәлімдеді.

Бүгін Швейцарияда алдағы бокс олимпиадасын дамыту мәселелері қаралатын AIBA кезектен тыс конгресі өз жұмысын бастады. 

Соңғы жаңалықтар