Әбу-Даби туризм және мәдениет басқармасы қазақстандық аспаздарды Біріккен Әмірлікке шеберлік сабағына шақыруда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әбу-Даби туризм және мәдениет басқармасы қазақстандық бас аспаздарды шеберлік сабағынан өтуге Біріккен Араб Әмірліктеріне шақыруда.

Жақында Біріккен Араб Әмірліктерінде жылдың ең ірі астрономиялық оқиғаларының бірі «Abu Dhabi Food Festival» фестивалі өтеді.

Шара аясында дәстүрлі эмират тағамдарының «Abu Dhabi Food Festival» және STREETFEAST фестивалі есігін айқара ашпақ. Аталған шараға ат салысатын Әбу-Дабидегі барлық мейрамханалар мен қонақ үйлер, сауда үйлерінде арнайы шеберлік сабақтары мен презентациялар өткізу жоспарланып отыр.

«Gourmet Abu Dhabi» фестивалі өткізіліп келе жатқанына 6 жыл толады. Осы уақыт аралығында Эмират гастрономиялық мәдениетінің қарқынды дамуын бақыладық. Енді жеткен жетістігімізді жаңа деңгейге жеткізіп, көпшілік назарына ұсынатын уақыт келді. Біз қазақстандық бас аспаздарды осы айтулы мерекеге ат салысып, өз тәжірибелерімен бөлісуге, біздің аспаздық мәдениетімізбен жақынырақ танысуға шақырамыз», - деді Әбу-Даби туризм және мәдениет басқармасының өкілі Сұлтан әл-Дхахери.

Ақпанның 5-7 аралығында өтетін фестиваль барысында келушілер дәстүрлі араб мәзірінен бөлек, шығыс тағамдарының дәмін татып, оны әзірлеп үйрене алады.

Сұлтан әл-Дхахеридің айтуынша, мәдени шара араб тағамдарын әлемге белгілі еуропа тағамдарының деңгейіне жеткізуге бағытталған.

Ал биыл алғаш рет өткізіліп отырған STREETFEAST аймақ тұрғындарына арналған нағыз гастрономиялық мереке болмақ. Әл гарбия, Әл-Айн аймақтарында 12-14, 19-21 ақпан аралығында жылжымалы дүкендер мен фургондар әлемнің әр елінің тағамдарын көпшілікке ұсынады.

Соңғы жаңалықтар