Абу-Даби Плазаның инфрақұрылымдық мәселесін шешу қажет – әкім

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланың инвестициялық ахуалын жақсарту жолдары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы елордаға тартылған инвестицияның көлемі 19,3 пайызға азайып кеткенін сынаған болатын. Сондықтан, бұл тұрғыда жұмысты ширатуымыз керек. Басталған ірі инвестициялық жобаларды аяғына дейін жеткізу қажет. Инвестиция тарту – біздің тікелей міндетіміз», - деді елорда әкімі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктелген міндеттерді орындау бойынша өткен жиында.

«Мақұлданған инвестициялық жобалар бойынша жер және инфрақұрылым мәселелерін шешіп, Абу-Даби Плаза жобасының аяқтауды жан-жақты қарастыруымыз керек», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар