+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

«Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан» деп атаймын – Нұрсұлтан Назарбаев

2020 жылғы 1 желтоқсан 10:32
Бөлісіңіз:
«Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан» деп атаймын – Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасы «Қазақстан мұнарасы» деп аталады. Бұл туралы «Qazaqstan» телеарнасына берген сұхбатында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі жылы аяқталатын «Абу-Даби Плазаның» ең биік мұнарасын «Қазақстан мұнарасы» деп атаймын. Мұндай биік ғимарат жоқ. Кең даламызда алыстан көрініп тұратын болады. Діни және туристік мақсатта әлемдегі ең үлкен мешіт салынып жатыр. Ел астанасын одан әрі көркейту үшін талай ойлар, жоспарлар бар. Көп болып қолға алсақ, атқарылмайтын іс жоқ. Мұның барлығы Қазақстанның әлем алдындағы әлеуетін көрсетеді», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы телеарнаға берген сұхбатында Түркістан қаласын облыс орталығы етіп бекіту шешімінің маңызы мен қаланың келешек жоспарлары жайында жан-жақты баяндады. Сонымен қатар Түркістан болашақта ел астанасы болуы мүмкін бе деген көпшілік арасында тараған қауесетке қатысты пікірін білдірді.

«Түркістанды көтеру – парызымыз, біздің халқымыз үшін қажет. Бұл тарихы тереңде жатқан көне қаламыздың бірі. Түркістандағы көне ғимараттардың қалпын сақтап, жергілікті халық пен туристер үшін тарихымызды паш ететін орталық ретінде қалдыруымыз қажет», - деді Елбасы.

«Түркістан: көне мен келешек көпірі» деректі фильмі Н.Назарбаевтың «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы, журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбаты негізінде әзірленді. Деректі туынды «Qazaqstan» телернасынан бүгін 20:00-де эфирге шығады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT