Әбу Даби еркін экономикалық аймағының АХҚО-мен бірлескен жобалары талқыланды

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Abu Dhabi Global Market» еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті «Abu Dhabi Global Market» (ADGM) еркін экономикалық аймағы Директорлар кеңесінің төрағасы, Мемлекеттік министр Ахмед Әли Әл Сайихпен кездесу өткізді.

Кездесуде тараптар Абу Даби еркін экономикалық аймағының «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлескен жобаларының жүзеге асырылуы жайында әңгімелесті. Ахмед Әли Әл Сайихтың айтуынша, өзара ынтымақтастықты дамыту жөнінде нақты жоспарлар бар.


Мемлекет басшысы «Abu Dhabi Global Market» еркін экономикалық аймағының елімізде атқарып жатқан жұмысына ризашылық білдіріп, қаржы нарығын реттеу саласындағы ықпалдастықты нығайтуға ниетті екенін атап өтті.


Соңғы жаңалықтар