Әблязов Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырғаны үшін күдіктелуде - Бас прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Е.Н. Тәтішевті өлтіру әрекетін ұйымдастыруға байланысты М.Қ. Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 31 шілдесі күні Әблязов бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде «Le FIGARO» француз басылымы арқылы тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша Қазақстан прокуратурасына тергеу әрекеттеріне қатысу үшін келу қажеттілігі хабардар етілді.

Әблязов және оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізушісінің шақыруына келмеді. Сол себепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекстің 206-бабы 8-бөлігіне сай (ҚР ҚПК) 1963 жылғы туған күдікті Мұхтар Әблязовтің әрекетін саралау туралы хабарламаны жариялайды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде ағымдағы жылдың 17 тамызында М.Қ. Әблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (16.07.1997ж редакция) 28-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «з» тармақтары бойынша сараланды.

М.Қ. Әблязов «Банк ТұранӘлем» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті пайдакүнемдік ниетпен М.Тоқмадимен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қасақана өлтіруді ұйымдастырғаны үшін күдікті.

ҚР ҚПК 206, 64-баптарына сәйкес күдікті және қорғаушысы оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны және көшірмесін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылындағы 14 мекен-жайдан алуға құқылы.

Бұдан бөлек, күдікті күдік негізін түсіндіруге құқылы, сондай-ақ тағылған айыппен келіспеген жағдайда қаулы бойынша ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Осыған дейін күдікті М.Қ. Әблязов жауап алу және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 тамызында Бас прокуратураға шақырылғанын еске саламыз. Алайда, белгіленген уақытта ол келген жоқ, келуге тосқауыл болған себептерін түсіндірген жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар