Абитуриенттің ҰБТ кезінде ереже бұзғаны камераға түсіп қалса, ол грантынан айырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҰБТ тапсыру барысында заңбұзушылыққа жол берген талапкердің гранты жойылады. Мұны Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы кездері ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үлкен шаруа атқарылды. Талапкер грант алғанға дейін және грант иегері атанып қойған жағдайда да бейнакамер жазбалары желтоқсан айына дейін тексеріле береді. Тиісінше, грант иегерлері ҰБТ тапсыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген болса, онда олардың гранты жойылады», - деді Ержан Әмірбекұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер жоғары оқу орындарына шартты негізде түсе алатынын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар