Әбіш Кекілбайұлы шығармалары негізінде сахналанған қойылымдардың реквизиттері музейге қойылды

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ә. Кекілбайұлының туған күніне орай Маңғыстау облыстық музейінің экпозиция залына жазушының шығармалары негізінде сахналанған қойылымдардың реквизиттері қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтсақ, көрмеге М.Әуезов театрының 60 жылдығына орай тұңғыш рет жазушының драма жанрында қойылған «Абылайхан» драмасының басты кейіпкері рөлін сомдаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Т.Жаманқұловтың киген шапаны мен аса таяғы әкелінді. Сондай-ақ«Бір шөкім бұлт», «Аңыздың ақыры», «Шыңырау», «Күй» шығармалары негізінде жергілікті Н.Жантөрин атындағы театр қойылымының реквизиттері, жазушы аудармаларының бірі «Ромео мен Джульетта» қойылымында киген сахналық киімдері қойылды.

«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» демекші, бүгін арамызда болмаса да, оның шығармалары ешқашан өлмейді. Біз оның мұраларын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуіміз керек», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ұлықбек Тінәлиев.

Сонымен бірге Әбіш Кекілбайұлын еске алу шаралары аясында жазушының туындылар жинағының тұсаукесері болды.


Соңғы жаңалықтар