Әбілязов пен Храпуновтар жазадан құтылмайды - Қайрат Қожамжаров

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы он жылда шетелде бой тасалап жүрген 205 жемқордың 152-сі елге қайтарылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлі күнге дейін жемқор министрлер мен әкімдер шетелде тығылып жүр. Олардың барлығы 8 млрд доллардан астам қаржыны жымқырып кетті. Әрине, бірінші кезекте ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әбілязов пен Храпуновтарды атап өткен жөн. Бүгінде олар саяси баспананың арқасында жазадан құтылып кетеміз деп ойлайды. Бірақ біз олардың жазадан құтыла алмайтынына сенімдіміз. Біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесе отырып, әрбір жемқордың тиісті жазасын береміз, - деді  ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров Астанада өткен xалықаралық конференцияда.

Агенттік басшысының айтуынша, осы уақытқа дейін Қазақстан жемқорлар мен олардың активтерін қайтару бойынша 40-тан астам мемлекетпен xалықаралық келісімді рәсімдеді. Әріптестердің ішінде Испания, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Литва және тағы басқа елдер бар.

Соңғы жаңалықтар