Әбілқайыр Ысқақов Павлодардағы экология мәселесін шешудің екі тәсілін айтты

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі әкімі Әбілқайыр Ысқақов облыстағы экологиялық мәселені шешудің екі тәсілін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Негізгі мәселе – ластаушы заттардың мөлшері. 2019 жылы ол 717 мың тоннаны құраған, бұл ел ішіндегі Павлодар облысының антирекорды», - деді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов Естай атындағы Мәдениет үйінде халыққа есеп беру кезінде.

Оның пікірі бойынша, жағдайды жақсартудың екі негізгі тәсілі бар.

«Біріншісі – ең озық қолжетімді технологияларды енгізу. Еуропада осы тәжірибе қоқыстарды 94 пайызға қысқартты, біз де сондай жетістікке жетуге тырысамыз. Ең озық қолжетімді технологияларды енгізген мекемелер қоршаған ортаға эмиссия төлеуден босатылады; енгізбегендердің мөлшерлемесі арта береді. Жақында жаңа Экологиялық кодекс шығады: Экология министрлігі ең озық қолжетімді технологияларды бірінші болып енгізетін топ-50 компанияны іріктеп алды, олардың қатарында –облысымыздағы өнеркәсіп мекемелері бар.

Оның айтуынша, өнеркәсіп мекемелерімен бірлесіп аудандағы қоқыс көлемін қысқартуға барлық мүмкіндік қарастырылған.

«Екінші тәсілі – көгалдандыру. Табиғат пайдаланушылары өздерінің санитарлық зоналарын қажетті нормаға дейін көгалдандыруы қажет. Аудандағы 16 ірі мекеме он пайыз жерді де көгалдандырмайды! Бұл экологиялық мәдениеттің төмен екендігін көрсетеді», - деп атап өтті Ә. Ысқақов.

Павлодар облысының әкімі облыс тұрғындары мен келер ұрпақтың денсаулығы үшін бизнес-қауымдастық пен қарапайым азаматтар арасында экологиялық мәдениетті насихаттап, дамыту керек деп есептейді.


Соңғы жаңалықтар