Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының аудандарындағы қуаңшылық туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Май және Баянауыл аудандарындағы қуаңшылыққа байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мамандар Май ауданында шөп жағынан ешқандай тапшылық болмайды деп отыр. Баянауыл ауданына келсек, шөп маусымы негізі шілде, тамыз айларында басталады. Облыс деңгейінде қандай шаралар қабылданды? Біріншіден, өңірде жалпы ауданы 300 гектар жайылым бар. Биыл оны 10 пайызға ұлғайтып, 38 мың гектар қостық», - деді облыс әкімі орталық коммуникацилар қызметінде өткен брифингіде.

Әбілқайыр Сқақов қуаңшылық байқалып отырған ауандарда жем-шөп науқаны кезінде арзандатылған жанармай беру қарастырылып жатқанын атады.

«Біз орталық құзыретті органдармен жұмыс істеп жатырмыз. Жеке арзандатылған жанармайды шаруашылықтарға жеткізу бойынша мәселе шешіледі деп сенеміз. Ал тауарлы фермалардан бөлек шаруашылық құрылымдарға жемшөп субсидиясын беру мәселесіне келсек, әрине, инвестициялық субсидиялардың өз ережелері бар. Оны шығаратын –Ауыл шаруашылығы министрлігі. Сондықтан, министрлікпен болашақта осы бағытта жұмыс жүргіземіз», - деді аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар