+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың негізгі проблемаларын атады

2021 жылғы 21 қыркүйек 10:47
Бөлісіңіз:
Әбілқайыр Сқақов Екібастұздың негізгі проблемаларын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Екібастұздықтардың 65 пайызы отын-энергетика саласында еңбек етеді. Қаланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарында бұл мәселе де көрініс тауып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин Ұлттық жобалар не үшін әзірленгенін айтты Іскерлік белсенділік өнеркәсіп есебінен өсті – Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті

«Екібастұз – еліміздің ең ірі үш моноқаланың бірі. Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің өсуіне қарамастан, қаланың отын-энергетика кешеніне тәуелді болуы әлі де жоғары. Екібастұз экономикасының 65%-ы және жұмыс істейтін халықтың жартысы осы салада шоғырланған», - деді Палодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов Үкімет отырысында.

Аймақ басшысы моноқаланың негізгі проблемаларын да атады. Олар:

- экология;

- ескірген әлеуметтік инфрақұрылым;

- тозған инженерлік желілер;

- қаладанадамдардың көшуі.

«Аталған мәселелерді шешу үшін ауқымды сараптамалық және қоғамдық талқылаудың қорытындысы бойынша 114 іс-шарадан тұратын қаланы дамытудың кешенді жоспары әзірленді. Іс-шараларды іске асыру 932,8 млрд. теңгеге бағаланады. Жеке инвестициялардың үлесі – 89,5%, яғни бюджеттік 1 теңгеге 9 теңге жеке инвестициялар тартылады», - деді Әбілқайыр Сқақов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT