Әбілқайыр Сқақов Ақсуда қала тіршілігін қамтамасыз ететін нысандарды аралады

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов қала тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен нысандарды аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ құрамына кіретін Ақсу электр стансасында өңір басшысына №5, №6 және №7 энергоблоктардың жұмысы туралы айтылды.

Кәсіпорында 375 мың тонна көмір қоры бар, ол қазіргі жүктемемен 17 күнге жетеді.

Облыс әкіміне Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағындағы қазандықтағы жылыту маусымының барысы туралы баяндады.

Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 700 тоннаға жуық көмір жұмсап, штаттық режимде жұмыс істейді.

- Бастапқыда бұл қазандық зауытты жылытуға арналған болатын. Өндірілетін жылудың көп бөлігін қалаға беру үшін біз кәсіпорында жылу жүйесін жаңарттық және зауыттың жартысын өндірістен артылатын феррогаз есебінен жылытып отырмыз, - деп хабарлады АФЗ басшысы Сергей Прокопьев.


Әбілқайыр Сқақов қалалық билік органдарына Ақсу қаласының жылумен жабдықталуын үнемі бақылап отыруды және тұрғын үйлердегі жылу жеткіліксіздігінің әрбір фактісін пәтер иелері кооперативтерімен пысықтап отыруды тапсырды.

- Кейбір ПИК төрағаларының қызметі бүгінде аса белсенді емес. Бір үйдің жартысы салқын, жартысы жылы болып та жатады. Бұл ретте қызмет көрсететін ұйымдардың басшылары қысқы кезеңде тәулік бойы жұмыс істеуге тиіс болса да, аулақ отырады, - деді өңір басшысы.

Облыс әкімі қаланы жылумен қамтамасыз етіп отырған магистральдегі қысымды арттыратын сорғы станциясын да аралады.


Автоматтандырылған станция айналым режимінде жұмыс істейді.

«Ақсу су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының су тазарту станциясында Әбілқайыр Сқақовқа қаланы сумен жабдықтау туралы айтылды.

Мұнда тәулік бойы өз зертханасы жұмыс істейді, онда талдау жүргізу үшін су сағат сайын алынады. Кәсіпорын басшылығы Ақсу су құбыры желілерінің 60%-ы тозған деп хабарлады.

Бүгінде мамандар тозығы жеткен учаскелерді анықтап, оларды қайта құру үшін жобалау-сметалық құжаттаманы жасап жатыр.



Суретті түсірген Валерий Бугаев
Соңғы жаңалықтар