Әбілхайыр Шегалиев WBC, WBA және WBO экс-чемпионымен кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Әбілхайыр Шегалиев (8-0-1, 4КО) келесі жекпе-жегін 16 қыркүйекте Мәскеуде өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, Ә.Шегалиевтің қарсыласы Ресейдің белгілі боксшысы – Андрей Сироткин (20-2-1, 7КО). А.Сироткин биылғы ақпан айында Қазақстанның өзге өкілі – Мейірім Нұрсұлтановпен (17-0, 10КО) жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек мерзімінен бұрын – бесінші раундта Нұрсұлтанның жеңісімен аяқталған еді.

Кәсіпқой бокс мансабында А.Сироткин түрлі 3 бокс ұйымының екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерін жеңіп алған. Атап айтқанда, ол WBC ABC Continental, WBA Inter-Continental, WBA Asia және WBO European титулдарының иесі болды.

Андрей Сироткин бұған дейінгі айқасын биылғы сәуір айында өткізді. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Виктор Мурашкинді (4-3, 3КО) жеңді.

Ал Әбілхайыр Шегалиев осыған дейін рингке ақпан айында шықты. Оның ресейлік Манук Диланянмен (12-9-2, 5КО) жекпе-жегі тең аяқталды.


Соңғы жаңалықтар