Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл толды

None
None
АЛМАТЫ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін, 1 қаңтар күні қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 110 жыл толды.

1904 жылы Алматы облысы Жаркент ауданында өмірге келген әйгілі суретші 1973 жылы 2 қарашада Алматыда 69 жасында көз жұмған болатын. Бала кезінен-ақ ағаштан ойып, тастан қашап жан-жануарлардың мүсіндерін жасаумен әуестен ол Түркісіб темір жолының құрылысында жұмыс жасайды. Одан кейін 1929-1936 жылдары Алматы мен Мәскеудегі көркемсурет студияларында дәріс алады. Халық өмірінен сырт шертетін мыңнан астам көркем туындылардың авторы ерен еңбегі үшін 1944 жылы Қазақ КСР Халық суретшісі атағына ие болды. Бүгінгі таңда оның есімін иеленген Алматыда мемлекеттік өнер мұражайы жұмыс жасайды. Әйгілі кескіндемешінің "Түркісіб" (1932), "Пішен шабу" (1934), "Жамбылдың портреті" (1937), "Торғай жорығы" (1941), "Жас Абай", "Жазушы Сәбит Мұқанов" (1945), "Гүл ашқан алма" (1958), "Менің Отаным" (1959), "Қапшағай ГЭС-і" (1972) сияқты картиналары тек отандық ғана емес алыс-жақын шет елдердің де өнер сүйер қауымынан жоғары бағасын алған болатын.

Соңғы жаңалықтар