Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатының күміс жүлдесін қанағат тұтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 75 келі салмақ санатында жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл күміс медальді қанағат тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әбілхан әлем чемпионатының ақтық сынында Еуропа чемпионы украиналық Александр Хижнякпен жұдырықтасқан болатын. 3 раундтық кездесу тартысты өтіп, боксшылар бір-бірін алма-кезек ауыр соққылардың астына алып отырды. Жалпы жекпе-жек тең дәрежеде өткенімен төрешілер жеңісті украиналық боксшыға берді. Осылайша Әбілхан Аманқұл алғаш рет қатысқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

Алда 91 келі салмақ санатында Қамшыбек Қоңқабаев әзербайжандық Магомедрасул Межидовпен әлем чемпионы атағы үшін айқасады.

Бұған дейін 56 келі салмақ санатында жарыс жолына шыққан боксшымыз Қайрат Ералиев америкалық Дюк Раганды ұтып, әлем чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, осыған дейін Гамбургтегі әлем чемпионатында Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанған еді.

Соңғы жаңалықтар