Әбіл Жоламанов Атырау облысының мәдениет басқармасына басшы болып тағайындалды

None
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Әбіл Жоламанов Атырау облысының мәдениет басқармасына екінші рет басшы болып тағайындалды. Ол бұған дейін де аталған басқармаға жетекшілік еткен еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы қызметіне Әбіл Жоламанов кірісті.

Ол 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары Батыс Қазақстан облысының Жымпиты орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Кейін мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.

Ал, 1994-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппаратында, аудандық жұмыспен қамту орталығында, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, білім бөлімінде басшылық қызмет атқарған. 2008-2014 жылдары Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы, 2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Ал, 2015-2017 жылдары Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары Мәдениет және спорт министрлігінде мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болып тағайындалған.

2019-2020 жылдары Ұлттық архивтің басшысы қызметінде болған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрынАтырау облысының қаржы басқармасына басшы тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар