Абель Санчес: «Орташа салмақта Головкинмен ешкім 12 раундқа шыдамайды»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз жекпе-жектерінің 90 пайызын нокаутпен жеңген, бұл орташа салмақ дәрежесіндегі рекорд болып табылады. Оның жаттықтырушысы Абель Санчес бүкіл орташа дивизионда Геннадиймен жекпе-жекте барлық 12 раундты өткізе алатын бірде-бір боксшы жоқ деп есептейді.

«Орташа салмақта ешкім де Геннадиймен 12 раунд бойы айқаса алмайды. Мен бұл туралы бұрын да айтқан едім. Котто бес раундқа, ал Альварес сегізге де шыдамайды», - дейді Абель Санчес.

Айта кетейік, Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 21 ақпан күні Монакода өтетінін атап өту керек, бұл жолы ол әлем чемпионы атағына бұрынғы үміткер Мартин Мюррейге қарсы шығадығ деп жазады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар