Абель Санчес Головкиннің қанша жекпе-жек өткізетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қыркүйек айында орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мексикалық боксшы Сауль Альварестен (50-1-2, 34 КО) жеңіліп, WBC, WBA Super, The Ring нұсқалары бойынша титулдарынан айырылды, деп жазады sports.kz.

Екі боксшының НВО телеарнасымен келісімшарты аяқталып, одан кейін бұл телеарна бокс кештерін көрсетуден бас тартқан.

Альварес DAZN онлайн-триммингімен 365 миллион АҚШ долларына келісімшарт жасасқан. Головкин әлі келіссөздер жүргізу үстінде. DAZN-нан басқа, Головкиннің қол қоюына Эл Хэймонның Premier Boxing Champions (Showtime, FOX телеарналарымен бірге қызмет етеді) және ESPN үмітті.

Бұған дейін, қазақстандық боксшының жаттықтырушысы Абель Санчес Головкин соңғы шешімін Рождество және Жаңа жыл мерекелерінен кейін қабылдайтынын айтқан болатын. Енді тәжірибелі бапкер боксшының топ-деңгейде қанша жекпе-жек өткізетіндігі жайлы пікір білдіре бастады.

«Бірге пайымдап көрейікші - әуелі орта дивизиондағы салмақ (72,6 келіге дейін) әлде екінші орта салмақ (76,2 келіге дейін) туралы айтып отырғанымыз туралы түсінуіміз қажет. Головкин тағы 2-3 жыл бокстасады деп ойлаймын, бірақ осы уақытта мол нәтижеге қол жеткізу керек. Мен тағы 2-3 жыл болғанын қалаймын. Ең бастысы не? Ең бастысы - оның рингке шығуға, жаттығуға ынтасы бар болғаны. Қысқасы, бәрі де бұрынғыдай. Егер бәрі де осы жоспарға сәйкес болса, Головкиннің әлі 5 немесе 6 жекпе-жегі бар деп ойлаймын», - деді Санчес. 

Соңғы жаңалықтар