Абель Санчес Геннадий Головкиннің Тайсоннан қай қасиеті артық екенін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абель Санчес өзі жаттықтырып жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Майк Тайсонға қарағанда бәрін есептеп, біліп тұратын қасиетімен ерекшеленетінін атап өтті, деп хабарланады GGG-нің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Майк бірінші секундтан-ақ қарсыласын сұлатып салғысы келетін боксшы болды деп ойлаймын. Мүмкін, олардың күші ұқсас шығар. Бірақ Геннадий ондай типтегі спортшы деп ойламаймын. Ол сізді көрген кезде бәрін сезініп, есептеп тұрады. Иә, екі боксшының да нокаут күші бірдей болар, бірақ олар әр түрлі мәнер қалыптастырған», - деді жаттықтырушы.

Соңғы жаңалықтар